Басты Жаңалықтар Астанада «Денсаулық кепілі» ұранымен «сау әдеттер марафоны» өтті

Астанада «Денсаулық кепілі» ұранымен «сау әдеттер марафоны» өтті

Бұл акция арқылы ұйымдастырушылар адамдарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырады. Яғни, күнделікті спорттық жаттығу жасап, дұрыс тамақтанып, зиянды фаст-фуд пен газды сусындардан бас тартуға үндейді. Ал, марафонға қатысушы адам оны ары қарай жалғап, әлеуметтік желіде таныстарына жолдауы керек. Іс-шара барысында сондай-ақ, білікті дәрігерлер  тұрғындарды қабылдап, кеңестерін берді. Бұдан бөлек, шұғыл жәрдем көрсету әдістері көрсетіліп, спорттық жарыстар ұйымдастырылды. 

Дәулетхан Есімов, «Медициналық ұйымдардың қазақстандық альянсы» Қоғамдық бірлестігінің  басқарма басшысы:

- Халықты зиянды әдеттерінен айыру үшін тұзды қолданбауды айту керек. Күніне таза 2 литр су ішу керектігін жеткізу керек.  Одан басқа, күніне 10 мың қадам жүріп отырса, жүрек жақсы жұмыс істейді.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу