Иппотерапия- сал ауруынан сауықтырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иппотерапия- сал ауруынан сауықтырады

11.04.2018

Иппотерапия - аутизм және сал ауруына дауа. Жылқыға мініп жаттығу арқылы емдеудің тиімділігін дәрігерлердің өзі мойындай бастады. Павлодарда ондаған кемтар бала дертінен айығып, өздігінен іс –әрекет жасайтын халге жетті. Оларға қалаға жақын жылқы фермаларының бірінде қайырымдылық мақсатпен арнайы сәйгүліктер бөлінді. Таңдап алынған 13 аттың барлығы салт жүріске жайлы, тарпаң мінезі жоқ, жуас. Атпен серуендеу ең алдымен тамаша массаж. Ат үстіндегі адамның барлық бұлшық еті жұмыс істейді. Бұл сал аурына шалдыққан балаға ең қажетті жаттығу. Ал, жылқының тері адамның бойындағы суықты шығарып, тамырдағы ұйып қалған қанды жүргізеді екен.

Евгения Стельвага, Аутизм және сал ауруынан оңалту орталығының директоры:

- Әрине, ем тиімді болуы үшін ұзақ уақыт қажет. Бала алдымен бойындағы қорқыныштан сейілуі тиіс. Атты сипап, оған қант беріп, сосын жайлап үстіне мінгіземіз. Сол уақытта бала бар қиындықты ұмытып, көңілі әбден көтеріледі. Аттан түскен кезде көзіндегі мұң-қайғысы жоғалып, қуаныштан бал-бұл жанып тұрғаны бірден байқалады. Емнің бар қасиеті осыда.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу