ОҚО-да медициналық емдеу орындары электронды жүйеге көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да медициналық емдеу орындары электронды жүйеге көшеді

06.03.2018

Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық емдеу орындары шілде айына дейін тұтастай электронды жүйеге көшеді. Соның нәтижесінде дәрігерлер саладағы қағазбастылықтан арылады. Бүгінгі таңда облыстағы денсаулық сақтау  ұйымдарының барлығына «Даму» деп аталатын кешенді ақпараттық жүйе енгізілуде. Электронды денсаулық төлқұжаты науқастанып қалған азаматтардың үйге дәрігер шақыртуына, қабылдауға жазылуға және  ғаламтор арқылы SOS батырмасын пайдалану мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, ақпараттық жүйе арқылы үйден шықпай-ақ  сырқаттану қағазы, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, туберкулез, наркология, психоневрология диспансерлерінен анықтама алуға болады. 

Ақжарқын Таубаева, Электронды денсаулық сақтау республикалық орталығы облыстық филиалы басшысының орынбасары:

- Ол жерден пациент туралы бүкіл ақпаратты алуға болады. Ақпарат базасы жасақталуда. Оның науқастың өзіне де, емханадағы дәрігерге де қолжетімді болуы жоспарлануда. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу