Шетелдік азамат Шымкентте бүйрек ауыстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік азамат Шымкентте бүйрек ауыстырды

13.02.2018

Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет шетел азаматына трансплантологиялық операция жасалды. Израильде жұмыс істейтін Германия азаматы Шымкент қаласындағы жедел жәрдем ауруханасында бүйрегін ауыстырды. Оған Украина азаматы донор болған. Дәрігерлердің айтуынша, операция өте сәтті өткен. Екі науқастың да жағдайы күн санап жақсарып келеді. Енді 3-4 күнде екеуі де  ауруханадан шығып, елдеріне қайтады. Германиялық науқас қазақстандық медицинаның әлеуетіне көз жеткізіп барып, әдейі келген. Операцияны осында істетуінің тағы бір себебі, медициналық қызмет ақысы өте арзан. Мәселен, тап осындай трансплантологиялық операция үшін Еуропа елдерінде 60-70 мың доллар сұраса, науқас Шымкентте ол үшін небәрі 4 жарым миллион теңге төлеген. Келер айда осы ауруханада тағы екі шетел азаматына операция жасалады. Олар қазір медициналық тексерістен өтіп жатыр. Жалпы, Оңтүстікте бес жылдың ішінде 100-ге тарта бүйрек ауыстырылған. 

Мұқан Егізбаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда бұл ауруханадан бөлек, тері венерологиялық ауруханасында республиканың барлық қалаларынан витилиго емдеуге аурулар келіп жатыр. Кезек бір жылға дейін созылды.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу