Семейде бүйрек орталығының бөлімшесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде бүйрек орталығының бөлімшесі ашылды

24.03.2015
Семейде бүйрек орталығының бөлімшесі ашылды

Енді Жаңа Семей ауданы тұрғындары үшін өте қолайлы болмақ. Бүйрек ауруларына шалдыққан науқастарға бөлімшеде тегін емдеудің бірнеше түрі көрсетіледі.

Оның ішінде бүйрек қызметі бұзылған адамдарға қан тазартуға мүмкіндік жасалған. Ол үшін шетелдік озық үлгідегі қондырғылар қойылды.

Бүйрек орталығының бөлімшесі қазірдің өзінде жұмысын бастады. Емделушілер қызмет сапасының өте жоғары екендігін айтып ризашылықтарын білдіруде.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу