Шымкентте бүйрек алмастыру отасы жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бүйрек алмастыру отасы жасалады

26.02.2014
Шымкентте бүйрек алмастыру отасы жасалады
Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында бүйрек алмастыру операцияларын жасау қолға алынды. Бұдан бөлек, аурухана дәрігерлері кореялық мамандармен бірлесіп, бірнеше бүйрек трансплантациясын жасамақ.  Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
 
Онда «Былтыр аймақтар арасында тұңғыш рет дәл осындай бүйрек дертіне шалдыққан 11 науқасқа Шымкент қаласында операция жасалып, барлығы сәтті өткен болатын. Дегенмен, науқастар дәрігерлердің үнемі жіті қадағалауында болады. Осы жолы тағы 7 науқастың бүйрегі алмастырылуда»,  делінген.
 
Тоқтала кететін жайт, 24 ақпан  мен 1 наурыз аралығында «АНАМ» Корей университеті медициналық орталығының трансплантология және қан тамырлары хирургиясы бөлімінің меңгерушісі, профессор Пак Кван Тэ қазақстандық мамандарға дәрістік курстар өткізуде.

Хабарламаларға жазылу