Елімізде биыл тұмаудың қауіпті түрлері тіркелген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде биыл тұмаудың қауіпті түрлері тіркелген жоқ

09.01.2018

Биыл тұмаудың аса таралу қаупі жоқ. Елдегі жағдай тұрақты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Жалпы, тұмау дертіне шалдыққандар қатары желтоқсан айының басы мен қаңтар айының ортасында күрт өседі. Бірақ, биылғы жағдайда елімізде осы дертке шалдыққандардың саны 14 пайызға төмендеген. Осы күнге дейін тек 30 жағдай тіркелген. Ең бастысы, асқынса адам өліміне жеткізетін тұмау вирустарынан ел аман. 

Жандарбек Бекшин, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Биылғы жылдың ерекшелігі, өздеріңіз байқап отырсыздар елімізді, бүкіл әлемді шулатқан H1N1 тұмауының белгілері тіркелген жоқ. Айналымда жоқ.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу