Әлем бойынша тұмауға шалдыққандар саны кеміді

01.08.2020

Әлем бойынша тұмауға шалдыққандар саны айтарлықтай төмендеді. Оған COVID-19 ға қатысты шектеулердің әсері болған. Яғни, әлеуметтік арақашықтықты сақтау мен маска тағу арқылы тұмаудың таралуы кеміген. Маусымдық тұмау мен өзге де инфекциялық аурулар азайғаны қуантады. Індетпен күрес шараларын бірінші болып бастаған Қытайда қызылша, гепатит, ганореямен ауырғандар биыл екі есе аз. Былтыр айына 290 мыңдай тұмау белгілері бар адам тіркелген. Қазір бұл көрсеткіш 90 пайызға, яғни 23 мыңға дейін төмендеді. Канада,Ұлыбритания, Австралия мен Оңтүстік Кореяда да осыған ұқсас жағдай. Ал мамандар келесі жылы инфекцияның жоқтығынан адамдарда иммунитеттің әлсіреуі байқала ма деп алаңдаулы.

Алла Гаврина 

Хабарламаларға жазылу