Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына - 10 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына - 10 жыл

19.10.2017

Биыл Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына 10 жыл толды. Осыған орай Астанада халықаралық ғылыми конференция басталды. Оған алыс-жақын шетелдерден ғалымдар, дәрігерлер қатысып, салмақты мәселелер талқыланды. Жалпы, орталық ашылғалы 140 мыңнан аса науқас ем алып, 80 мыңдай күрделі операция жасалған. Орталықтың кадрлық әлеуеті мен заманауи материалдық-техникалық  мүмкіндіктері зор.

Сондай-ақ, бұл мекеме өз жұмысын бастағалы елімізде ана мен бала өлімі азайған. Себебі, бұған дейін тек шетелдерде жасалатын күрделі оталары қазір осы орталықтағы дәрігерлер еркін істей алады. 

Венера Алтынова, Ана мен бала  ұлттық ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі:

 - Осыдан 9 жыл бұрын Қазақстанда перинаталды диализ деген ем-тәсілді енгізгенбіз. Содан бері , міне шетелге бір бала кетпейді. Жылына бір бала қайтыс болмайды. Біз олардың өмір сүруіне, ата-анасының қасында болуына себепші болдық.

2012 жылдан бастап Қазақстанда 74 баланың бүйрегі ауыстырылды. 74-тің 56 -сы біздің орталықта болған ота.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу