Қазақ ғалымдары терінің зең ауруларын емдейтін дәрі ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ ғалымдары терінің зең ауруларын емдейтін дәрі ойлап тапты

26.09.2017

Отандық фармацевтика саласында зор табысқа кенелдік. Микробиология және вирусология институтының ғалымдары терінің зең ауруларын емдейтін дәрі ойлап тапты. Бұл әлемде теңдесі жоқ препарат десек артық айтқандық емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақ ғылымының бұл жаңалығын «теңдессіз жетістік» деп мойындады. Себебі, қазір жер бетіндегі 6 млрд. адамның 1,5 млрд-тан астамы осы терінің зең ауруымен ауырады. Яғни, әлемдегі әрбір төртінші адам осы жұқпалы дертке шалдыққан. Қазақша айтқанда, кәдімгі «қышыма» деп аталатын бұл індеттің енді қауіпі сейілетін күн алыс емес. Тілші Нұрлан Асқарұлының материалы.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу