«JCI» сертификаты – медицинадағы жетістік
Еліміздің республикалық диагностикалық орталығы мен Балалардың оңалтудың ұлттық орталығы халықаралық «JCI» ұйымының сертификатын алды. Бұл – әлемнің ең сапалы әрі қауіпсіз медициналық мекемелеріне берілетін марапат. Диагностикалық орталық осыдан 3 жыл бұрын аталған ұйымнан аккредитациядан өткен.
Биыл тағы да әлемдік стандартқа сай келетін мекеме ретінде мойындалып отыр. «JCI» сертификаты - медицина саласындағы ең үлкен жетістіктердің бірі. Ол елімізде медициналық туризмнің дамуына септігін тигізеді. ТМД кеңістігінде мұндай сертификат 9 медициналық мекемеде бар.
Соның 6-ы Қазақстанда. «Бұл еліміздің медицина саласы әлемдік деңгейде мойындалып отырғанын білдіреді»,- дейді мамандар.
Бақытжан ОМАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27