Қызылорда облысы Арал ауданының елді мекендері дәрігер көмегіне зәру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысы Арал ауданының елді мекендері дәрігер көмегіне зәру

17.08.2017

Ақбасты мен Құландыда 800 тұрғынға бір ғана дәрігер қызмет көрсетеді. Ол өзі - гинеколог, педиатр, невропатолог әрі көз дәрігері. Әмбебап. Олай етпеске амалы жоқ. Үлкендер соған қанағат етеді, бірақ, балалар ауырса жағдай қиын. Облыс орталығы түгіл ауданға жету қиын болғандықтан, санитарлық авиацияның көмегіне жүгінуге мәжбүр. Ауыл тұрғындарының мұқтажын Ақбастыға арнайы барып келген тілшіміз Ақерке Берікбекқызы жеткізді.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу