Ақмолалықтар «Менің туым. Менің Отаным!» челленджін қолдады

08.01.2021

Ақмола облысында ауылдар арасында «Менің Туым - Менің Отаным» атты челлендж өтіп жатыр. Бурабай ауданының бастамасын өзге аудандар да қолдап кетті. Бұл шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған. Ауыл ақсақалдары батасын беріп, Тәуелсіздіктің тұғырлы болуын тіледі. 

Ауыл азаматтары аттармен, көліктермен мемлекеттік Туды алып жүргендері - байрақтың қашан да биікте болатынының белгісі. Бастапқыда челлендж бір ауылдан екіншісіне берілсе, енді бірнеше бағыт бойынша жүріп жатыр. Бурабай, Зеренді аудандарының елді мекендері жаппай қатысуда. Ауыл тұрғындары, тіпті, алыс жүрген азаматтар бірігіп, бір адамдай атсалысуда. Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендері де акцияға қатысуға ниет білдірді. Сондықтан патриоттық челлендждің ауқымы әлі де кеңейетін түрі бар. 

Хабарламаларға жазылу