Қосаман ауылында жаңа медициналық бекет ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қосаман ауылында жаңа медициналық бекет ашылды

14.11.2019

Қызылорда облысындағы Қосаман ауылында жаңа медициналық бекет ашылды. Шалғайдағы елді мекен жұртшылығы көптен күткен денсаулық үйі заман талабына сай жабдықталған. 

Бұған дейін ауыл тұрғындары денсаулығы сыр берсе 120 шақырым жердегі Арал қаласына қатынап, біраз әуреге түсетін. Енді қосамандықтар өз елді мекендерінде сапалы медициналық қызметке қол жеткізіп отыр. Жаңа нысанда дәрігер кабинеті, арнайы екпе егу орны және әйелдер мен балаларға арналған бөлмелер қарастырылған. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу