Трансплантациядан кейінгі өмір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансплантациядан кейінгі өмір

05.07.2017

Ішкі органдарын ауыстырған адамдардан құралған Қазақстан құрамасы Испанияда өткен жарыста алтын медальді қанжығалады. Сүйінші хабарды Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының өкілдері жария етті. 26-маусым мен 2-шілде аралығында Малага қаласында өткен Дүниежүзілік 11-ші спорттық трансплант-ойындарына бізден 6 спортшы барса, жалпы, әлемнің 70 мемлекетінен 3000 спортшы қатысқан. Донорлық органдары бар спортшылар жүзу, үстел теннисі және боулинг сияқты жарыс түрлерінен бақ таластырған. Қазақстан мұндай ойынға алғаш рет қатысып отыр. Бұл жаһанға Қазақстан медицинасының қарқынды дамығанын, ал, халыққа трансплантациядан кейін өмір барына жеткізуді мақсат етеді.  

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу