«Таңшолпан». Өмір сүруге қолайлы планеталар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Өмір сүруге қолайлы планеталар (ВИДЕО)

08.11.2016
«Таңшолпан». Өмір сүруге қолайлы планеталар (ВИДЕО)

Церера ғаламшарында адамзат тіршілігіне қажетті су мен минералдар жеткілікті. Тіпті, мұнда тұщы судың деңгейі Жердегіден көп болуы мүмкін деген болжам бар. Церерада ауа температурасы күндіз -73, түнде -143. Суыққа төтеп беретін база салғанда ғана, бұл планетаға қоныс аударуға болады.

Ай да болашақта адамдардың өмір сүруіне қолайлы болмақ. Атмосфера қабаты болғандықтан, мұнда желден қорғанудың қажеті жоқ.

Марс, яғни, «қызыл ғаламшарда» тіршілік көзі жоқ. Десе де, ол - Жерден кейінгі ең жіті зерттелген ғаламшар. 2030 жылы экспедиция жүргізу үшін мұнда арнайы топ жіберу де жоспарланған.

Өмір сүруге қолайлы планеталар бестігі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу