Павлодарлық дәрігер ДЦП дертін емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық дәрігер ДЦП дертін емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты

25.05.2015
Павлодарлық дәрігер ДЦП дертін емдеудің жаңа әдісін ойлап тапты

Сол арқылы 6 жастағы баланы үш ай сынақтан өткізіп, адам таңқаларлық нәтижеге қол жеткізді. Невропотолог мамандардың пікірінше, ДЦП-дертінің ауыр түріне шалдыққан баланың аз уақытта қадам басуы өте сирек болатын жағдай.

Матвей тағдыр тәлкегіне ерте түскен бала. Жарымжан болып туды. Анасы перзентханада қайтыс болды. Содан бері әжесінің қолында. Павлодарға Ресейдің Омбы қаласынан келген.

Матвейді әкелген күні павлодарлық дәрігер-реабилитолог Александр Мякота сырқатты емдеуге арналған жаңа костюм дайындап қойған.

Космонавтар костюміне ұқсайтын, қимыл-қозғалысқа арналған корсетті киіп бала түрлі жаттығулар жасайды. Ал, Матвей жүруге деген талпынысы ерекше, еңбекқор бала екен.

«Жазылмайтын ауру жоқ. Емін табу үшін іздене білу керек», - дейді дәрігер-реабилитолог Александр Мякота. Жақында ол тағы бір жаңа жобаларды жария етпек.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу