Қызылорда облысындағы Ақбасты мен Құланды ауылында 800 тұрғынға бір ғана дәрігер қызмет көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысындағы Ақбасты мен Құланды ауылында 800 тұрғынға бір ғана дәрігер қызмет көрсетеді

20.05.2015
Қызылорда облысындағы Ақбасты мен Құланды ауылында 800 тұрғынға бір ғана дәрігер қызмет көрсетеді

Науқастар аудан орталығына жете алмайды, сондықтан да «басы ауырып, балтыры сыздағандар», ана атанып, өмірге сәби әкелетіндер мен денсаулығы сыр берген қарт-қариялар сол бір ғана маманның көмегіне қанағат етеді.

Арал ауданы Ақбасты ауылында жасы 75-ке келіп, ауыр халде жатқан кейуана тасымалдауға жарамайды. Сондықтан да облыстық медицина орталығынан арнайы мамандар шақыртып, дәрігерлер санитарлық авиациямен облыстың ең шалғай ауылына аттанады.

Ауылда арнайы маманның болмауынан ауылдағылар санитарлық ұшақты асыға күтеді. Арнайы шақыру болмаса да, облыстық медициналық орталық дәрігерлері осындай алыстағы елді мекендерге мүмкіндігінше жиі келуге тырысады.

Биыл алғашқы 4 айда 59  шақырту болса, былтыр санитарлық авиация 142 мәрте міндетін мүлтіксіз орындаған.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу