Елімізде 80-ге жуық бала ағзаға мұқтаж

18.11.2014
Елімізде 80-ге жуық бала ағзаға мұқтаж

Елімізде 80-ге жуық бала ағзаға мұқтаж. Оның 49-на бүйрек, 13-не жүрек керек болса, 15 балғынның тез арада бауырын ауыстыру қажет.

Өкініштісі сол, біздегі Заңда балалардың бір-бірінің ағзасын ауыстыру қарастырылмаған. Оларға тек ата-анасы, бауырлары мен туған-туыстары донор бола алады.

Ана мен бала орталығы  өрімдей жандардың өмірін сақтап қалу мақсатында біраз жұмыс атқарды. Орталық ұжымы түрлі дөңгелек үстелдер өткізіп, халықты адам өмірін сақтап қалуға шақыруда.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу