Қазақстанда алғаш рет бір донор 5 адамның өмірін құтқарды

22.05.2020

Осы кезге дейін мұндай жағдай болмады деген дәрігерлер, бұл оқиғаны қазақ медицинасындағы тарихи сәтке балап отыр. Операцияны Нұр-Сұлтан мен Алматыдадағы ғылыми оталықтардың білікті дәрігерлері жасады. Жүрек, өкпе, бүйрек елордада кезегін күтіп жүрген науқастарға салынса, бауыр - ауыр дертке шалдыққан алматылыққа жөнелтілген. Қазір науқастардың жағдайы қалыпты, жансақтау бөлімінде жатыр.

Операция. Донор павлодарлық 30 жастағы жігіт. Инсульттен қаза болды. Туыстарының рұқсатымен оның ағзалары сан авиациямен кезегін күтіп жүрген 5 науқасқа жөнелтіледі. Жүрек пен өкпе ауыстыру операциясы Нұр-Сұлтандағы кардиохирургиялық орталықта жасалды.

Елімізде мәйіттік донор соңғы рет былтыр тамыз айында жасалған. Бұған себеп — түсінік пен пайымда. Мәселен, жыл басынан бері мәйіттік 43 донор табылған. Алайда, ағзасын өзге жанға беруге қарсы ағайын көп.

Қазір елімізде 3 мыңға жуық адам ағзаға мұқтаж. Оның 80-ге жуығы бала. 2 жарым мыңнан астам бүйрек, 160-тай жүрек, 80 бауыр, 2 науқасқа өкпе қажет. Өкініштісі сол, 2018-жылы ағза күткен 128, 2019-жылы 146 адам қайтыс болған.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу