Бұған алаңдаған отандық медицина мамандары аурудың алдын алу жолдарын қарастыруда.
Алматыда эпидемиолог, иммунолог, онкогинеколог мамандар бас қосқан жиында папиллома вирусына қарсы екпе жасауды жүйелі жүзеге асыру пысықталды.
Жаңа екпені Қазақстан ТМД елдері бойынша алғаш өткен жылы енгізді. Бағдарламаға сәйкес, Астана, Алматы, Павлодар, Атырау облыстарында 11-12 жастағы қыздарға тегін екпе жасалған болатын.
Бірақ, қоғамның қатерлі ісіктен аз хабардар болуы аурудың дендеуіне себеп болып отыр. Сондықтан, дерттің алдын алу үшін жұртшылықтың екпеге деген сенімін арттыру керек, дейді мамандар.
Сәкен Әміреев, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, эпидемиология кафедрасының меңгерушісі:
Үкімет тек вакцинацияны сатып алуға 10,5 миллиард теңге қаражат бөліп, тапсырма берген. Міне, сол тапсырма бойынша жұмыстар атқаруға кірістік. Бүгінгі күні нәтижесі қалай болатынын айта алмаймыз. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы бойынша, тиімділігін көрсетуде.
Айгүл ЕРМАХАН