Елімізде тыныс жолдары аурулары өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тыныс жолдары аурулары өршіп тұр

03.10.2014
Елімізде тыныс жолдары аурулары өршіп тұр

Елімізде тыныс жолы тарылып, тұншығып қалатындар көбейіп барады. Әсіресе, пневмония, өкпенің созылмалы қабынуы, демікпе дерті өршуде. Мұндай мәліметтер «Респираторлы медицинаға инновациялық технологияларды кіріктіру» атты жиында айтылды.

Басқосуға келгендер, тыныс жолдары ауруларының өршуіне бірнеше фактор себеп болуы мүмкін, дегенді айтады. Бірінші мәселе – темекі. Шексеңіз де, жай жанында түтінін жұтып тұрсаңыз да, демікпемен ауыруыңыз ғажап емес.

Мұнан кейін ауаның түрлі газбен улануы да, өкпенің қабынуына себеп. Ең қиыны, тыныс жолдары ауруына шалдыққан егде тартқан адамдар қайтыс болуда. Жас сәбилерге де бұл дерт қауіпті.

Конференцияға қатысушылар – Америка мен Еуропа елдерінің медицинасындағы соңғы жетістіктерді пайдаға жаратуымыз керек. Егу жұмыстарын күшейту керек, дейді.

Салтанат Кеңесқызы, Ұлттық ғылыми медициналық орталық басшысының орынбасары:

Бүгінгі жиында тыныс жолдары ауруларының алдын-алу, емдеу ісінде соңғы технологияларды қолдану мәселесі сөз болды. Демікпе секілді созылмалы дертті болдырмау үшін вакцинация жасауды да талқыладық. Ингаляциялық терапияның соңғы тәсілдерін отандық медицинаға кіріктіруді сөз еттік.

 

 

Хабарламаларға жазылу