Еліміздің бас қаласы - Астанадағы мерекенің шапағаты аймақтарға да жетіп жатыр. Мәселен, осы мерекеге орай Павлодардың жедел жәрдем қызметінің автопаркі 40 жаңа көлікпен толықты.
Олар тек қана аудандық ауруханалар мен шалғай елді мекендердегі дәрігерлік пункттерге жіберіледі. Бір атап өтерлігі, биылғы жылдың 6 айында аймақта жол апаты деректері көбейіп отыр.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға өсті. Сондықтан, көліктердің басым бөлігі апатты оқиғалар жиі орын алған аумақтарда көшпелі қызмет көрсететін дәрігерлік бригадаларға берілді.
Медициналық транспортқа заманауи жабдықтар орнатылған. Соның арқасында ауруханаға жеткенге дейін сырқаттың диагнозын анықтап, нақты көмек кеөрсетуге болады.
Гүлнар Бекбаева, Малайсары ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері:
ЭКГ аппараты бар, дифибрилятор бар, ИВЛ бар. Жұмысымызды жақсартамыз. Үш ауылға көмек көрсетеміз. Жаңа Ақшиман, Малайсары, Саты ауылына. Көп рахмет бізге автокөлік беріп отырған Президентімізге.
Болат АМАНБАЕВ