Басты Жаңалықтар Қызылордада перинаталдық орталық ашылды

Қызылордада перинаталдық орталық ашылды

Қызылордада  перинаталдық орталық ашылды

Бүгін Қызылордада  облыстық перинаталдық орталық ашылды. 200 орындық медициналық нысан  ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытында  Астананың төл мерекесі қарсаңында пайдалануға берілді.

Құрылысы 6 жылға созылған зәулім ғимарат енді халық игілігі үшін  қызмет көрсетеді.

Бұл ғимараттың ерекшелігі, мұнда алдағы уақытта қолдан ұрықтандыру және генетикалық орталық жұмыс істейді. Босану, паталогия, гинекология және нәрестелер бөлімі бар.

Сонымен қатар, емделушілерге диагностикалық көмек көрсету  орталығы да қызмет етеді. Орталықтың күндізгі стационары 20 орынға лайықталған.

Лия Дүйсенбаева, емделуші:

Үшінші баламды осы жаңадан ашылған орталықта ем қабылдап, осында босансам деймін. Мынадай үлкен ғимарат ашылып  жатқанына  рахмет.

 

Рауан МЫҢБАЕВ

Бөлісу