Астанада үш күнде 16 ерекше операция жасалды
1 жастан 19 жасқа дейінгі балғындардың жүрегіне жасалған операцияның ерекшелігі сол – қазір бұрынғыдай жүрек тұсын көп көлемде тілмейді. Жұмыс бар болғаны көлемі 3 сантиметрлік тілік арқылы жүзеге асады.
Қазір 16 баланың да жағдайы жақсы. Балғындардың 80 пайызы - бөбектер. Ең кішісі 1 жаста, көбі 3-4-тегі балғындар. Тағы біреуі 13 жаста, ең үлкені 19-да. Олар жақында үйлеріне шығарылады.
Айдана Бекенова, Байқоңыр қаласының тұрғыны:
Тамақты жақсы жейді, бірақ салмақ қоспады. Көгеретін еді, аузының маңайы. Қазір оның бәрі кетті. Тамаққа тәбеті де өзгерді. Шаршайтын бұрын, әлсіз тұғын. Қазір бәрі өзгерді. Алғысым шексіз.
Сәуле Қадырова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ интервенсиялық кардиологы:
Бізге шеберлік сабағын өткізген ресейлік атақты хирург осы кезге дейін 200-ден астам операция жасаған. Біз дәрігерден біраз нәрсе үйрендік. Енді мұндай операцияны өзіміз жасай береміз.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06