Қазақстанда соңғы екі жылда бес адамның жүрегі алмастырылды
Бұлай дейтін себебіміз, соңғы екі жылда бес бірдей адамның жүрегі алмастырылды, оның екеуі бір айдың ішінде жүзеге асты.
Астанадағы кардиохирургиялық орталықта мамырдың 29-ы күні 58 жастағы науқастың жүрегіне операция жасалған еді. Араға 10 күн салып, маусымның 10-ы күні 32 жастағы жігіттің жүрегі алмастырылды.
Науқас 2007 жылдан бері ағзаға мұқтаж жандардың кезегінде тұрған. Ал, донор - Петровал қаласының тұрғыны.
Ми өлімі расталған науқастың туыстары оның ағзаларын ауыр халде жүрген адамдарға беруге келісімін беріпті. Осылайша, 40 жастағы жігіт 4 адамға өмір сыйлады.
Махаббат Бекбосынова, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
Халық арасында трансплантацияға деген оң көзқарас пайда болды. Бұл бізді қуантады. Мұның барлығы Сіздердің, яғни, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арқасында жүзеге асып жатыр. Қазір баспасөз беттерінен, телеарналардан ағзаға мұқтаж жандарға қолұшын беру керектігі туралы көптеген мақала мен сюжеттер көріп жүрміз. Оның барлығы көрермендерге әсер етпей қоймайды.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06