Бауыржан Байбек дәрігерлерді мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Байбек дәрігерлерді мерекемен құттықтады

14.06.2014
Бауыржан Байбек дәрігерлерді мерекемен құттықтады
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Ұлттық медициналық холдингінде» болды. Іс-шара барысында партия қатарына салтанатты қабылдау өткізіп, денсаулық сақтау қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті. Ұлттық медициналық холдингтің 1,5 мыңға жуық қызметкері «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Бүгін кәсіби мерекелері қарсаңында бірқатар дәрігерлерге жаңа үлгідегі партия билеттері табысталды. Сондай-ақ, Б.Байбек бейнесараптама қозғалысы және роботтандырылған кинезотерапия лабороториясында, Республикалық балалар оңалту орталығында және Ұлттық ғылыми кардиохиругиялық орталығында болды.
 
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
Айналдырған 3 жылдың ішінде Ұлттық медициналық холдинг зор нәтижеге қол жеткізді. Кардиохирургиялық орталықта жүректі алмастыруға қатысты бес операция өтті. Ұлттық медициналық холдинг әлемдегі ең тиімді 30 ұйымның қатарында тұр.
 
 

Хабарламаларға жазылу