Бауыржан Байбек Талдықорғанға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Байбек Талдықорғанға барды

20.12.2021

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Талдықорғанға барды. Жұмыс сапары аясында саяси құрылымның Алматы облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына қатысты. Партия филиалының жаңа төрағасы ретінде делегаттар аймақ әкімі Қанат Бозымбаевты сайлады. Бауыржан Байбек оқушылар сарайына барып, жаңа «FAB LAB» инновациялық зертханасының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында болды. Жалпы, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында биыл өңірде 1 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй, 12 мектеп пайдалануға берілді. 27 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.


Хабарламаларға жазылу