Ресейде Бауыржан Байбек Ресей Мемлекеттік Думасының жетекшісі Сергей Нарышкинмен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде Бауыржан Байбек Ресей Мемлекеттік Думасының жетекшісі Сергей Нарышкинмен кездесу өткізді

24.06.2015
Ресейде Бауыржан Байбек Ресей Мемлекеттік Думасының жетекшісі Сергей Нарышкинмен кездесу өткізді

«Нұр Отан» мен «Единая Россия» партиялары арасындағы байланысты нығайту мәселелері «Единая Россия» партиясы бас кеңесінің хатшысы Сергей Неверовпен болған кездесуде егжей-тегжейлі пысықталды.

Қос елдің билеуші партиялары арасындағы және Парламентаралық қарым-қатынасты тереңдету мәселелері, Мемлекеттік Думадағы «Единная Россия» фракациясының жетекшісі, Дума төрағасының орынбасары Владимир Васильевпен болған бас қосуда айтылды.

Бауыржан Байбек көрші елдегі әріптестерін, Президент ұсынған 5 институционалды реформаны орындаудың «100 нақты қадамы» стратегиясымен таныстырды.

Аталған кездесулер барысында Ресей Федерация Кеңесі халықаралық істер жөніндегі комитет жетекшісінің орынбасары Андрей Климов елімізді Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу