Бауыржан Байбек алматылық аналарды мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Байбек алматылық аналарды мерекемен құттықтады

07.03.2019

Алматыдағы Республика сарайында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты кеш өтті. Жиында қала әкімі Бауыржан Байбек ақ жаулықты аналар мен нәзік жандарды қоғамды ілгерілетуге қосқан үлестері үшін қала тұрғындарының атынан рақмет айтып, алғыс білдірді. Мегаполис басшысының сөзінше, елдің халық санының көбеюіне атсалысқан әр ананың өлшеусіз еңбегі ескерусіз қалмайды.

Ал, наурыздың 11-нен көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелерін қолдауға арналған бағдарламалар іске аса бастайды. Сондықтан мерейлі мерекесімен келген шуақты көктем көпбалалы аналар үшін қуанышты жаңалықтарға толы болмақ.

Асылы Осман, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Қазақ әйелді баяғыдан да қадірлеп, сыйлаған. Дәл бүгінгі қоғамымыз да, еліміз де, Елбасымыз да дәл осы аналарға, көпбалалы аналарға ерекше көңіл бөліп жатыр. Қазақстанның аналарын, әйелдерін, қыздарын, мерекемен құттықтаймын.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу