Тынымсыз еңбек еткен жандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тынымсыз еңбек еткен жандар

14.06.2014
Тынымсыз еңбек еткен жандар
Күніне 18 дәрігер 600-ден астам сырқат адамды қарайды. Астананың сол жағалауында орналасқан Отбасылық денсаулық орталығының мамандарының еңбегі ерен. Басы аурырып, балтыры сыздаған адамның бәрі осында келіп, араша сұрайды. Өздерінің төл мерекесінде де олар тынымсыз еңбек етуде. Бүгін орталық меңгерушісі жұмысын адал атқарып жүрген әріптестерін құттықтады. Роза Бейсенова дәрігер болып еңбек етіп жүргеніне 28 жыл. Алғашында балалар дәрігері болған. Қазір осы орталықтың меңгерушісі және тәжірибелі маман. 
 
Роза Бейсенова, Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі:
Сол жағалау қазір күннен-күнге ұлғайып жатыр. Отбасылық медициналық орталығында медицналық дәрежесі өте жоғары қызметкерлер жұмыс істейді. Біз халыққа қолымыздан келгенше қызмет жасаймыз.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
 

Хабарламаларға жазылу