Шымкентте «Қазақ елі» мультфильмі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Қазақ елі» мультфильмі көрсетілді

31.03.2016
Шымкентте «Қазақ елі» мультфильмі көрсетілді

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Шымкентте «Қазақ елі» деп аталатын алғашқы толық метражды анимациялық фильм көрермен назарына ұсынылды. Ұзақтығы 1 сағат болатын тарихи туындыда Қазақ хандығының құрылу кезеңі суреттеледі.

Оның негізін қалаған Жәнібек пен Керейдің бала кезінен хандықты құрғанға дейінгі өмір жолдарын қамтиды. Барақ пен Болат, Әбілқайыр сұлтандар және қазақ даласындағы Сауран, Сығанақ, Отырар, Түркістан қалалары көрсетіледі. Туынды - бірліктің маңызын түйсіндіреді, батырлықты насихаттайды. Тарихи шығарма еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Мультфильм мамыр айынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіледі. Оңтүстікқазақстандық аниматорлар оны жасауға 8 ай бойына тынымсыз еңбек еткен.

«Сақ» киностудиясының директоры Нұриддин Паттевтің айтуынша мултфильм басында 6 серия болуы тиіс екен. Онда 6 ханды көрсету жоспарланыпты. Бірақ, кейін бұл жоспар өзгерген. Нәтижесінде ұзақтығы 1 сағат болатын мультфильм жасалыпты.

Толығырақ бүгін Ұлттық арнаның Kaznews жаңалықтарынан көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу