Астанадағы перинаталды орталық қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті
Дәрігерлерді «Нұр Отан» партиясының өкілдері құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.
Сондай-ақ, ақ халаттылар медициналық мекеме басшысының да алғысына ие болды.
Салтанатты шараға мына кішкентай үшем арнайы шақырылған. Олардың ата-анасы - осы мекеменің қызметкерлері.
Ерлан Есіркеп - рентгенолог, ал, Венера Айтелесова – акушер-гинеколог.
Сәбилер өткен жылы дәл осы перзентханада дүниеге келген. Содан бері ерлі-зайыпты дәрігерлер мен олардың балғындары осы орталықтың бақылауында.
Жалпы, бұл мекемеде 600-ден астам адам қызмет етеді. Күніне 25, кейде 40-қа жуық нәресте дүниеге келеді. Өткен жылы екі үшем туса, жыл басынан бері бір үшем дүниеге келген.
Валентина Гергерт, №1 перинаталды орталығы директорының орынбасары:
Бізде үш ерлі-зайыпты бар. Барлығының да балалары осы жерде дүниеге келді. Оларды назардан тыс қалдырған емеспіз. Осындай мерекелік шараларда әріптестеріміз бізді, біз оларды құттықтаймыз.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Парламентаралық шахмат кубогі өтті
23.04.2026, 20:59
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құқықтық акция өтті
23.04.2026, 20:58
Кино фестивалі басталды
23.04.2026, 20:29
Президент саммитке келген бірқатар халықаралық ұйым басшыларын қабылдады
23.04.2026, 20:03
Алматыда парламентаралық шахмат кубогі өтіп жатыр
23.04.2026, 17:35
Қазақстанның Ұлттық кітап күнін Ресейде де атап өтті
23.04.2026, 17:33
23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні
23.04.2026, 17:30
«Ұлттық кітап» байқауының жеңімпаздары марапатталды
23.04.2026, 17:27