Мамандар Атыраудағы оңалту орталығының жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандар Атыраудағы оңалту орталығының жұмысымен танысты

11.06.2014
Мамандар Атыраудағы оңалту орталығының жұмысымен танысты
Елбасының қолдауымен психикалық дамуы кешеуілдеген және сал ауруына шалдыққан балаларды емдеп, оларды аяғына тұрғызу мақсатында арнайы жоба жасалып, еліміздің барлық өңірлеріндегі сәбилер үйінде оңалту орталықтары құрылған болатын.
 
Қазір  олардың нәтижелері жаман емес. Мәселен, бүгін Астанадан келген арнайы мамандар Атыраудағы осындай оңалту орталығында болып, жұмысымен танысты.
 
Сондай-ақ, оның қызметкерлеріне шеберлік дәрісін өткізді. Айта кету керек, осындай орталықтың арқасында Атыраудағы сәбилер үйіндегі 4, ал, жалпы еліміз бойынша 10 бүлдіршін өздігінен жүріп-тұратын халге жетті.
 
Ұйымдастырушылар болса, бұл жобаның ауқымын кеңейтпек ойда.
 
Болашақта, олар еліміздегі әр орталықтың жанынан сәбилер үйінің тәрбиеленушілерімен қатар, мұндай дертке шалдыққан кез-келген баланы тегін емдеуге жағдай жасамақ.   
 
Гүлнәр Құлышева, Астана қаласы мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері :
Жақсы нәтиже берген 10 баланың ішінде 4 бала  Қазақстан азаматтарымен асырап алынды. Оларға неғұрлым ерте көмек берсек, ерте назар аударсақ, олардың  ата-ана табуға мүмкіндіктері бар.
 
 Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу