Қарағандыда ардагерлерге арналған медициналық орталық ашылды
Қазақстан бойынша ардагерлер үшін арнайы емдеу орталығы Қарағандыда ғана жұмыс істейді. Мұнда ІІ Дүниежүзілік соғыс пен тыл ардагерлері және олармен теңестірілген азаматтарға медициналық көмек көрсетіледі.
Еліміздің денсаулық сақтау саласында қазір кенжелеп қалған геронтология, яғни жасы келген жандарға ем-дом жасауда тәжірибелі мамандар осы мекемеде шоғырланған.
Сұңғат Сәттіғұлов – ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагері. Баянауылдық оғлан он сегіз жасында Алматыдағы жаяу әскер училищесінде оқып, кейін алдыңғы шепке жіберілген. Қария біраз жылдан бері осы орталыққа келіп, ем алып тұрады. Дәрігерлер ұжымының білімділігі мен сыпайылығының өзі мың да бір дауа, дейді ақсақал.
Сұңғат Сәттіғұлов, ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагері:
Алматыда ауруханаларды аралап жүруші едім. Енді осы жерде ардагерлер емханасын бөлді. Осы емхана атағын жоятын түрі жоқ. Дәрігерлерінің бәрі тұрақтанып келеді.
Жалпы ардагерлердің медициналық орталығында 3 терапевтік бөлімше, емхана және 100 орындық стационары бар.
Материалдық-техникалық базасы да заманға сай жаңғыртылған. Мұндағы әр науқасқа ерекше көңіл бөлінеді. Сапалы, тегін ем көрсетіліп, демалып қайтуына барлық жағдай жасалған.
Ильгизир Ахмадишин, облыстық ардагерлерге көмек көрсету орталығының бас дәрігері:
Елімізде геронтология саласы бойынша ем-дом көрсетуде біздің тәжірибеміз оқ бойы озық тұр. Сондықтан басқалармен тәжірибе бөлісуге дайынбыз. Ардагерлер үшін барымызды саламыз. Өзім де Ауған соғысында, Кабулда болғанмын. От пен оқтың ортасынан келген азаматтар мен тыл еңбеккерлері ескерусіз қалмауы керек.
Орталықтың тәжірибелі дәрігер мамандары бүгінде бірқатар ғылыми еңбектерімен де белгілі. Күніне жүздеген адамға ем көрсетіп, қарттар жиі науқастанатын ауыру түрлерін анықтап, шипасын іздейді.
Одан тыс Қарағанды медициналық университетінің студенттеріне дәріс береді. Қысқасы бұл ұжымның арқалаған жүгі салмақты, жауапкершілігі жоғары.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06