Қатерлі ісікке шалдыққандар саны азайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатерлі ісікке шалдыққандар саны азайып келеді

17.04.2014
Қатерлі ісікке шалдыққандар саны азайып келеді
Қатерлі ісікке шалдыққандар саны азайып келеді. «Мемлекеттің осы салаға көңіл бөлуінің арқасында осындай дәрежеге жеттік»,- дейді мамандар. Мәжіліс депутаты Айткүл Самақованың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында онкологиялық бағдарламаның іске асырылуының екі жылдық қорытындысы тыңдалды.
 
Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісовтің айтуынша, 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасының арқасында қазір осы салада біраз ілгерілеушілік бар. Тұрғындардың жаппай скринингтік тексеруден өтуіне байланысты онкологиялық ауруларға шалдыққандар ерте анықталып науқастар емделген.   
 
Елімізде 146 мыңнан астам адам қатерлі дертке шалдыққан. Жылына 17 мыңға жуығы қайтыс болады. Бір жылда 33 мың адамнан осы дерт анықталады. 2009 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан қатерлі ісіктің алдын алу шарасының арқасында бұл көрсеткіш біршама төмендеген. 
 
Депутаттар денсаулық сақтау саласы мамандарының тарапынан атқарылып жатқан үлкен жұмысқа жоғары бағасын беріп, онкологиялық бағдарламаны ары қарай іске асыру бойынша өз ұсыныстарын берді.
 
Ерік Байжүнісов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:  
Обырдан болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 2011 жылы 101,6 пайыз болатын. 2013 жылы ол 99,6 пайызға төмендеді. Аруды ерте анықтау 2011 жылы 49,5 пайыз болса, 2013 жылы ол 53,6 пайызға дейін артты. Бұл шаралар қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың өмір сүруін 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік берді.
 
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу