Медицина қызметкерлерінің жалақысы көбейеді
Жамбыл облысында бүгінгі таңда 54 аурухана мен 500-ден астам фельдшерлік-акушерлік пункт халыққа қызмет көрсетеді. Бұл жоғары мамандандырылған медициналық көмектің 24 пайызға артып отырғанын көрсетеді.
Ал, биылғы жылдың сәуір айынан бастап жалақының көбеюі медицина қызметкерлерінің жұмысқа деген құлшынысын одан әрі арттыра түспек. Бүгінде бұл салада орта буын қызметкерлер мен дәрігерлерді қосқанда 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қазірде олардың қатары білікті жас мамандармен толығуда.
Жеңіс Тойшыбекова, Тараз қаласындағы №2 емхананың бас дәрігері:
Дәрігерлердің жалақысының 10 пайызға көтерілуі өте қуантарлық жағдай. Мұндай жағдай қызметкерлеріміздің алдағы уақытта жақсы, сапалы жұмыс істеуіне жігер береді және еңбекке деген ынтасын арттырады. Ал, ақ халаттылардың жемісті еңбегі ол – халықтың денсаулығы.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13