Кадр тапшы, кезекте тұрғандар көп
ҚР Денсаулық сақтау министрі Павлодарға барды. Салидат Қайырбекова «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Тұрғындармен және медицина мамандарымен пікір алмасып, саланың аймақтағы нақты ахуалына көз жеткізді.
Басқа облыстардағы сияқты Павлодардың ауруханалары мен емханаларында да ұзын сонар кезек күтіп тұрғандардың қатары сирейтін емес. Соның салдарынан адамдардың 7-8 пайызы басқа аймақтарға барып емделуге мәжбүр.
Мұның басқадай да себептері бар. Айталық, дәрігерлердің біліктілігіне күмәнмен қарайтын кейбір азаматтар көрші Ресейге барып тексеріледі екен. Қазір облыста жасанды жолмен сәби сүйгісі келетін 400-ге тарта отбасы бар. Олардың кейбірі кезек күткелі жеті жылдан асыпты.
Министрдің айтуынша, биылғы жылға бөлінген квота саны небәрі 700-ге жуық. Тағы бір өзекті мәселе - Павлодарда дәрігерлер жетіспейді.
Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Кадр тапшылығы мәселесін жедел шешу керек. Ол үшін биылғы түлектерден осы аймаққа 150-ге тарта жас маманға жолдама беріледі. Медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша Павлодарда басқадай күрделі мәселелер жоқ.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10