«Денсаулыққа 7 қадам» шарасы - шетелдіктерге үлгі
Павлодарда «туабіткен жүрек талмасы» дертіне шалдыққан балаларға күрделі оталар жасалып жатыр. Оған Беларусь елінен арнайы кардиолог дәрігерлер келді. Олар қазақстандық мамандарға шеберлік сабақтарын өткізумен қатар, жаңа технологияларды игеру әдістерін үйретеді.
Мәселен, балалар кардиохирургі Юрий Чеснов ТМД елдерінде жақсы танымал. Ол мыңдаған ота жасады. Шетелдік маман талманы емдеу үшін жүректің жігін ажыратады. Мұндай ашық отадан кейін балалар жылдам сауығады.
Ал, «туабіткен жүрек талмасы» дерті елімізде жиі кездеседі. Беларусь мамандарының айтуынша, заманауи қондырғылар мен жабдықтарды қолдану үшін мамандардың шеберлігін шыңдау қажет.
Негізі елімізде адам денсаулығын сақтау мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда жетістіктер жетерлік.
Юрий Чеснов, балалар кардиохирургі (Беларусь):
Қазақстанда медициналық көмек алудың қолжетімділігі дұрыс жолға қойылған. Кардиохирургия ғана емес, нейрохирургия, қан тамырлары хирургиясы, педиатрия, барлық сала бойынша адамдарға сапалы қызмет көрсетіледі. Ең бастысы, тұрғындарға дер кезінде ақпарат беріліп отырады. Мәселен, «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны туралы естіп жатырмыз. Бұл әр адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. «Жақсыны үйренбекке», деген. Беларусь елінде дәл осындай шара ұйымдастыратынымыз анық.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10