Сыр медицинасында оң серпіліс бар
Сыр өңіріндегі медицина саласында ілгерілеушілік бар. Атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова алқа мәжілісінде Қызылорда облысындағы жұмыс сапарын қорытындылады.
Өңірде соңғы 3 жылда ана өлімі 32,9 , сәбилердің шетінеуі 30,5 пайызға төмендеген. Туберкулезге шалдыққандар саны 7,8 пайызға азайған. Медициналық көмек ауылдың әрбір тұрғыны үшін қолжетімді болуы үшін, өткен жылы 9 селолық аурухана ашылды. Биыл төртеуі пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, жоғары мамандандырылған медициналық көмек қарқынды дамуда, кардиохирургиялық орталықта жүрекке ашық операция жасалса, онкология саласында емдеудің жаңа технологиялары енгізілген.
Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Ең бірінші міндет - халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету. Сондықтан да дәрігерлердің білімі мен біліктілігіне баса мән беру керек. Кадр мәселесі Қызылордада шешімін тапқан деп айтуға болады. Бұл орайда облыс әкімінің арнайы гранты қарастырылған екен. Өте жақсы бастама. Мен өзім кешеден бері өңірдегі емхана, ауруханаларды аралап көрдім. Жаңақорған аудандық емханасына қатысты проблеманы назарға алатын боламыз.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06