Ауылда аурухана ашылды
Қызылорда облысындағы Амангелді елді мекенінің тұрғындары енді ем алу үшін аудан орталығына сабылмайды. Бір кездері жабылып қалған ауылдық аурухана қайтадан ашылды. Көршілес жатқан 5 ауылды қамтитын аурухана, әзірге 10 орындық, бірақ, қызмет көрсету сапасы ойдағыдай.
Денсаулықтың қадірін ауырған адам біледі. Жетікөл ауылының тұрғыны Жарылқаған Камалов өкпесіне дерт жабысқалы облыстағы емхана, аурухананың талайының табалдырығын тоздырды.
115 шақырым қашықтықтағы аудан орталығына қатынаудың өзі науқас адам үшін оңай емес. Оған қоса екі ортада өзен бар. Сондықтан, жазда қайықпен, қыста мұзбен өтуге тура келеді.
Жарылқаған Камалов, науқас:
Қалтасы көтермейтін адамдарға аудан орталығына бару қиын. 7 шақырым жерден келдім. Бұл аурухана - халықтың игілігі.
Ауыл тұрғындарының қуанатындай жөні бар. Өйткені, ауылдағы аурухана 2010 жылы жабылып қалған. Содан бері олар «басы ауырып, балтыры сыздаса», жан-жаққа қатынап, әбден әбігерге түсетін. Қазір бәрі басқаша. Ауылдың қақ ортасындағы қос қабатты ғимараттың бірінші қабатында емхана, екінші қабатында аурухана орналасқан.
Дана Кенбаева, аурухананың бас дәрігері:
15-20 орынға дейін көбейтсек, жабдықтарды да жаңалатсақ, дейміз. Өтініш жасап жатырмыз.
Ауылға бұл аса қажет. Амангелді ауылында 2,5 мың, Айдарлыда 2 700, Жетікөлде 900, Бесарықта 2 900, ал, Қоғалыкөлде 2 200 адам тұрады. Сондықтан, осынша халыққа қызмет көрсететін емдеу мекемесі жоғары талапқа сай болуы шарт.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06