Алғашқы медициналық көмек қызметі дамып келеді
Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту - денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық. Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде бұл сала соңғы уақытта тың серпін алды.
Шығыс Қазақстан облысындағы дәрігерлердің пікірі осыған саяды. Медицина саласының жақсаруына мемлекеттік бағдарламалардың да әсері мол.
Мәселен, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы халық денсаулығын жақсартуға айтарлықтай үлес қосып келеді. Бұл жобаның бірінші кезеңі іске асып жатыр және қарапайым жұртшылық дәрігерлердің жұмысына оң бағасын беруде.
Медицина мамандарының айтуынша, биыл атқарылатын іс-шаралар алғашқы медициналық-санитарлық көмекті әрі қарай дамытуға бағытталған.
Юрий Старокожев, Өскемен қалалық №1 ауруханасының бас дәрігері:
Стационар бойынша өткен кезеңде байқағаным, оңды ықпалдары өте көп. Өйткені, осы жүйе арқылы стационарға толықтай бақылау жүргізіледі. Тек әкімшілік саласына ғана емес, науқасты ауруханаға жатқызу, одан шығару, оны емдеу барысы кешенді қадағаланады. Бұл, әрине, медициналық сапаны жоғарылатуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, медицина саласында өте жоғарғы деңгейдегі арнайы технологиялардың көптеп қолданылуы да - осы жүйенің жемісі.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06