Басты Жаңалықтар Үш жасар Әділ Сарбаевқа көмек керек

Үш жасар Әділ Сарбаевқа көмек керек

Үш жасар Әділ Сарбаевқа көмек керек

Үш жасар Әділ Сарбаевқа шұғыл көмек керек. Бүлдіршін осыдан бір жыл бұрын аяқ астынан сырқаттанып қалады. Әділ қатерлі ауруға шалдыққан. Сәбиінің дертіне дауа іздеген ата-ана қайырымды жандардан қаржылай көмек сұрап отыр.

 
 «Ауру айтып келмейді». Бір жыл бұрын ғана ештеңеден хабарсыз жүгіріп жүрген Әділ аяқ астынан қатерлі ауруға шалдығады. «Басқа түссе, баспақшыл».
 
Дәрігерлердің диагнозы - қан ауруы және ми ісігі. Алғашында баланы елімізде емдейді,тіпті алты рет химиялық ем-дом алған. Алайда ол жеткіліксіз, сондықтан да емді Кореяда жалғастыруға тура келді.
 
Себебі, ол бүгінде аты жаман аурудың ең ауыр - төртінші кезеңіне жеткен. Бүлдіршін күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды, тіпті тамақ ішуге де қауқары жоқ.
 
Ботагөз Сұлтанова, Әділдің анасы:
Әділ біресе салмақ қосады, біресе жүдеп кетеді. Көңіл күйі де жабырқау. Балам емханадан шаршағанын айтып налиды.
 
Әділдің әкесі Жақсылық Сарбаев бүгінде ұлының саулығын ғана тілейді. Ол баласын емдету үшін басындағы баспанасын да сатты, қазір жалдамалы үйде тұруға мәжбүр.
 
«Теңге тиыннан, ынтымақ ұйымнан құралады». Осыған дейін жанашырлық танытқан адамдар қаржылай көмектесті дейді. Десе де ол жеткіліксіз, өйткені емнің екінші кезеңін жалғастыру үшін 95 мың доллар қажет. Бауыр еті баласы үшін күйіп-жанған ата-анаға қол үшін беріп, көмектесулеріңізді сұрайды.
 
Жақсылық Сарбаев, Әділдің әкесі:
Әділ ақсаңдап жүре бастады, сол кезде бізде үрей туып ауруханаға бардық. Бір аптаның ішінде белгілі болды диагнозы. Өте қауіпті ауру. Дәрігерлердің айтуынша егер бұл ауру қайталанса, Әділдің аман қалуы екіталай.
 
Әділ бүгінде күніне 9 сағаттан артық дәрігерлердің бақылауында. Өмір мен өлім белдескен сәт қазір. Қомақты қаражатты тамыз айына дейін жинау керек. Мамандардың айтуынша, ем ақырына дейін жүргізілсе, Әділдің денсаулығына қауіп төнбейді.
 
Индира Бегайдар, тілші:
Елімізде жыл сайын қатерлі дертке 30 мыңға жуық адам шалдығады, оның 17 мыңы айыға алмайды. Ал,Қазақстанда 600 бала жылына осы аурумен ауырады. Ең көп тараған түрі - қан ауруы.
 
Есепшоты:
Қазкоммерцбанк - KZ 949 261 501 729 293 000
Халық банкі - 4402573529255525
Хабарласу телефоны: 87016800265
 
 
 
 
Индира БЕГАЙДАР
Бөлісу