Басты Жаңалықтар Денсаулық сақтау саласаның мақсат-міндеттері талқыланды

Денсаулық сақтау саласаның мақсат-міндеттері талқыланды

Денсаулық сақтау саласаның мақсат-міндеттері талқыланды

Қазақстанда денсаулық сақтау саласын реформалау жемісті жүзеге асып келеді. Сала мамандары бүгін медицина саласының 2014-2015-жылдары атқаратын мақсат-міндеттерін талқылады.

 
Еліміздің осы саладағы реформаларын сараптайтын жоба Халықаралық банктың миссиясы шеңберінде 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
 
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде осы саладағы басты реформаларға қолдау көрсету үшін ұзақ мерзімді институционалдық әлеует пен халықаралық стандарттар енгізілді.
 
Жоба аясында республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы негізінде бірнеше орталық жұмыс істеп жатыр.
 
Ірі жұмысты жүзеге асыру барысында 90 мыңнан аса медициналық қызметкер білімін жетілдірді. 300-ден астам медициналық мекемеге құрал-сайман алынды.    
 
Дәулетхан Есімов, Денсаулықты дамытудың республикалық орталығы бас директорының орынбасары:
Халықаралық қоғамнан қолдау табылып, сертификатын алдық. Бұл стационарлық және амбулаторлық көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Дәрі-дәрмек саласында халыққа ақпарат талдау орталығы ашылды. Ол тиімді қызмет атқарып келе жатыр.
 
 
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Бөлісу