Балалар емханасының мүмкіндігі молайды
Ақмола облыстық балалар ауруханасы жаңа медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Шетелде шығарылған заманауи аппараттарды алуға «Өмірге дем салайық!» жобасының аясында «Аяла» қайырымдылық қоры мен «Халық» банкі қолдау білдірген.
Жансақтау бөлімшесіне берілген 5 жаңа қондырғының жалпы құны 6,5 миллион теңгеге жуықтайды. Бұл медициналық жабдықтардың мүмкіндігі зор. Тыныс алу қондырғысы шала туған балаларды шетінеуден аман алып қалуға мүмкіндік береді. Ал фототерапия аппараты нәрестелерді сары аурудан емдеуге арналған.
Сонымен қатар, реанимациялық үстел, инелік мөлшерлегіштер және науқас мониторының да мүмкіндіктері мол.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы негізінде өткен жылы да бұл емханаға озық медициналық жабдықтар сатып алынған болатын. Соған сәйкес, мамандар саны да артып отыр.
Қайыр Әбдірахманов, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:
Бізде қазір 75 дәрігер жұмыс істейді. Былтыр 10 дәрігер келді. Соның ішінде 8 маман қайта даярлаудан өтті. Гематолог дәрігер ғана жоқ. Жуық арада бұл мамандықты игеруге қызметкерлерді оқуға жібереміз, деп жоспарлап отырмыз.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06