Медициналық пойыздар жолға шықпақ
Дертіне дауа іздегендерге - жағымды жаңалық. Өткен үш жылда 60 мың тұрғынға көмек көрсеткен медициналық пойыздар тағы да жолға шықпақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
«Денсаулық» пойызы 4-ші ақпаннан бастап, Оңтүстік Қазақстанның орталықтан алыс жатқан аудандарын аралайды. Ал наурызда «Жәрдем» пойызы Маңғыстауға, «Саламатты Қазақстан» қарағандылықтарға көмекке барады.
Сондай-ақ, биыл еліміздің күре жолдарында 14 медициналық-құтқару бекеті салынады. Мақсат - Жолдауда айтылған халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын сексен жасқа жеткізу.
Меженің орындалуына барлық мемлекеттік мекемелер мүдделі болулары керек,-деді министр.
Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Президент өз Жолдауында «Қазақстан - әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуы тиіс» деп нақты міндеттер қойды. Осы орайда, біз «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасын әзірледік. Былтыр Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Екінші оқылымы алдағы ақпан айында болады. Сондай-ақ, осы жылы Астана, Алматы және Жаңаөзен қалаларында өрт сөндіру деполарының құрылысы аяқталады.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06