Дәрігерлер біліктілікті арттыруға кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер біліктілікті арттыруға кірісті

23.01.2014
Дәрігерлер біліктілікті арттыруға кірісті

Мемлекет басшысының Жолдауында медициналық туризмді дамыту қажеттігі айтылды. Бұл тағы бір жаңа бағыттың жоспарланғанын айқындайды. Осы ретте Елбасының халықтың орташа өмір сүру жасын 84-ке жеткізу жөніндегі бастамасы құптарлық, дейді Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ұжымы.

 
Сондай-ақ, келер жылы дәрігерлер жалақысының 28 пайызға өсетіні мамандардың жұмысқа деген ынтасын көтерді. Бұл өз кезегінде әлеуметтік жағдайдың жақсаруына сеп болмақ. Әсіресе, жастардың медицинаға келіне ықпал етпек.
 
Былтырғы жылы орталықта 11 326 дәрігер біліктілігін арттырды. Оларға тәлім беретін медицина мамандары да алдыңғы қатарлы әлем елдерінде біліктілігін шыңдап келді. Сондықтан Елбасы айтқан медициналық туризмді дамытуға елде мүмкіндік жетерлік. Ол үшін тек бірлесіп еңбек ету керек, дейді дәрігерлер қауымы.
 
Төлеген Жұмабеков, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Денсаулығы шектеулі азаматтар бар, сосын қарт адамдар бар, олардың денсаулығын жасартып, ұжымдағы белсенділігін арттыру - ең негізгі тапсырма. Осының барлығын кадр шешеді. Сол кадрды сұрыптап, біліктілігін арттырып отыратын осы мұғалімдер, оқытушылар. Білікті маман дайындалса, солардың барлығы орындалады.
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу