Жүрекке күрделі оталарды жасауға мүмкіндік бар
Дәрігерлер отбасында дүниеге келген Тимур Лесбеков өзін басқа салада көре алмайды. Және ол кардиохирургияны өмірінің мәніне теңеп, сүйікті мамандығын мақтан тұтып жүреді. «Өз ісінің нағыз шебері атану үшін күн сайын еңбектеніп, кездескен қиындықтарды жеңе білу керек» - дейді кәсіби маман.
Тимур Лесбеков, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының бөлім меңгерушісі:
Бұрын Қазақстанда кардиохирургия болмаған. Ең қиын операцияларды жасайтын орталықтар енді-енді пайда болды. Бұрын кардиохирургия толық мағынасында болған жоқ. Қазір диагностика өте жақсы. Сондықтан көп науқасты бізге жібереді.
Тимур Лесбеков өзінің жастығына қарамастан, күрделі операцияларды жасайды. «Алтын қолды» дәрігер жаңа технологиялардың көмегімен жүрек қақпашасын ауыстырады, жүрегі сыр берген науқастарға жасанды жүрек салады.
Тимур Лесбеков, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының бөлім меңгерушісі:
Қазіргі технология бойынша қақпашаларды операциясыз ауыстыруға мүмкіндік бар. Жүректі тоқтатпай. Науқас екі-үш күнде үйіне кетеді. 80 науқасқа көмек бердік.
Ауру жас таңдамайды. Кардиохирургия орталығында жүрек ақауымен жатқан пациенттердің арасында 80 жастан асқан қариялар да, 20-дан енді асқан жастар да бар.
Әйгерім Жұмаділова, науқас:
Екі жыл осында келіп қаралып жүрдім, екі жылдан кейін дәрігерлер ота жасады. Сәтті өтті дәрігерлерге рахмет. Қолдарына дерт бермесін. 20 жылдық ауруымды жазып берді. Бір апта өткеннен кейін ғана есімді жидым. Есімді жиған кезде датаның өзгергенін түсіндім.
Бану Төкенова, науқас:
Бәрі жақсы. Операция сәтті аяқталды.
Бір қуантарлығы, енді науқастар шетел аспай-ақ, өзімізде жүректерін емдей алады. Ол үшін елімізде барлық жағдай жасалған.
Ләззат БЕКТАС
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06