Еліміздің барлық мектептерінде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық мектептерінде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті

16.05.2019

Шара бір мезгілде ұйымдастырылды. Бірнеше күн бұрын Білім және ғылым министрі жұмыс берушілерден ата-аналарды жұмыс уақытынан ерте босатуды өтінгендіктен бе, жиналысқа келгендердің қарасы қалың болды.

Көздеген мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Оқу жылында жүргізілген жұмыстар мен жеткен жетістіктерін жария ету. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды. Шара барысында ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.

Еркін Үйсімбаев, ата-ана:

- Осындай жиналыстарда мектеп әкімшілігі бізге жұмыс жоспарын қояды, мәселелерді қояды алдымызға. Соған байланысты ата-аналар осындай жиналыстарға қатысып тұру керек.

Асылбек ТОЙБЕК

Хабарламаларға жазылу