Биыл 400 мыңға жуық оқушы алғаш мектеп табалдырығын аттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 400 мыңға жуық оқушы алғаш мектеп табалдырығын аттайды

01.09.2022

Бүгін – Білім күні. Жаңа оқу жылы басталды. Еліміздегі барлық мектептер өз шәкірттеріне есігін айқара ашты. Елорда мектептерінде де алғашқы қоңырау соғылды.

Дархан Рахымжан, тілші:

Еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып жатыр. Соның бірі – Әлихан Бөкейханов атындағы нөмірі 76 мектеп лицей. Ата-аналар мен ұстаздар, мектеп табылдырығын аттап, әліппені қолына алғаш ұстағалы тұрған бүлдіршіндер ерекше күйде. Биыл еліміз бойынша 400 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттайды. Соның 233-і осы елордадағы 76 мектеп-лицейге оқуға келіп отыр. Ал жаңа оқу жылының басталуына орай еліміз бойынша 80-ге жуық жаңа мектеп ашылды. Жыл соңына дейін барлығы 230-дан астам мектеп пайдалануға берілмек. Жаңа білім ордаларының басым көпшілігі демографиялық өсімі белсенді және оқушыларға орын саны жеткіліксіз аймақтарда салынып жатыр. Бұл Алматы, Атырау облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары. Еліміз бойынша елдімекендерде 200-ден астам мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ал жоғарыда айтып кеткен жаңадан ашылып жатқан 80 мектептің қаншасы Сыр өңірінде.

Хабарламаларға жазылу